Қазақстанда бір жылдан астам уақыт бұрын энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға және оларды кәдімгі сусын ретінде жасырып көрсетуге тыйым салынған еді. Бірақ заң бұзылған жағдайда ешкімді жазалау мүмкін болмады – себебі қажетті түзетулер іс жүзінде жұмыс істемеген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жаңалықтар