Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев ОКҚ-дағы брифинг барысында армиядағы сарбаздардың өліміне не себеп болатынын айтты. Ол бұл қорытындысын талдау жұмыстарының нәтижесі екенін атап өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.