Биылғы ҰБТ басталғалы бері 139 балл жинаған екі талапкер тіркелді. Дегенмен қайта тексеру кезінде аталған оқушылардың ереже бұзғаны анықталған деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді. «Сіздер ҰБТ-да өз біліміңізбен жоғары ұпай жинасаңыздар, біз қатты қуанамыз. Бірақ академиялық адалдық қағидаларын сақтамай, оңай тапсыру жолдарына жүгінетін талапкерлер бар. Сондықтан сіздерге қуанышты …