Қазақстанда негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 290 мыңға жуық өтініш түсті. Бүгінгі күнге дейін 215 талапкер емтихан тапсыру мүмкіндігінен айырылды деп хабарлады turkystan.kz. ҰБТ-ның аралық нәтижесін ұсынған Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, бүгінге дейін түлектердің 75% – қазақ тілінде, 24,8% – орыс тілінде, 0,1% ағылшын тілінде емтиханнан өтті. Шекті балды 67% жуық талапкер ғана жинай алды. …