Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеру бастағанын мәлімдеді. Бұған оның «Вагнер легионы Истра» деп аталатын құрылымға 10 эндуро мотоциклін табыстап, жауынгерлерге «жеңіспен оралыңдар» деп тілегені түсірілген видео себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.