Премьер-министр Олжас Бектенов Жетісу облысына жұмыс сапары аясында өңірдің бірқатар кәсіпорнына барып, Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмаларының іске асырылуын тексерді деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі