Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барады деп хабарлады turkystan.kz. Смайылов өңірде бірқатар индустриялық және ауыл шаруашылығы нысанды аралап, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту барысымен танысады, сондай-ақ облысты кешенді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізеді.