ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды. Премьер-Министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Тұжырымдама шеңберінде қабылданған шаралар соңғы 10 жылда алғаш рет көші-қонның оң үрдіс қалыптастырғанын атап өтті. Шетелдіктер негізінен тұрақты тұруға ТМД, ҚХР және Моңғолия елдерінен келіп отыр.