Қазақстан Үкіметі заң нормаларын әзірлеу үдерісіне жасанды интеллектіні енгізуді жоспарлап отыр. ЖИ заң жобасын дайындаудың толық циклін бастапқы идеядан бастап оны іске асыру және кейінгі бақылауға дейін қамтитын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында 2025 жылға арналған заң жобалау жоспарының орындалуы мен 2026 жылға жоспарланған заң шығару жұмыстары жөнінде баяндама жасаған Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді.
Жаңалықтар