Президент жарлығымен Мұрат Нұртілеу Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарған еді. Олжас Бектенов Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Ол осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы болған. Ал Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өз лауазымдарын сақтап қалды.