Күдіктінің аты-жөні Ольга Быковская. Биыл сәуірде Украина қауіпсіздік қызметі оның соғыстағы күйеуі Роман Быковскиймен сөйлескен әңгімесін тауып, жариялаған. Украина қауіпсіздік қызметі тергеушілерінің айтуынша, «Ресей азаматы украин қоғамын жеке себеппен жек көруіне байланысты украин әйелдеріне құрметсіздік көрсете отырып, күйеуін – Херсон облысындағы Ресейдің оккупациялық армиясының әскери қызметкерін уақытша басып алынған аймақтағы украин әйелдерін зорлауға шақырған». Быковская