Украина әскері майдан шебінде жараланған жауынгерді ауыр жүк көтеретін ұшқышсыз аппаратпен қауіпсіз жерге жеткізді. Әскерилердің мәліметінше, мина көмілген аумақ пен Ресей дрондары салдарынан оны жерүсті көлігімен алып шығу мүмкін болмаған, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Ukrainska Pravda басылымына сілтеме жасап. Құтқару операциясы жайлы ақпарат пен оның бейнежазбасы 19 қазанда жарияланды. Украинаның 92-жеке шабуылдаушы бригадасы мұны жаралы әскери қызметшіні …