Рамзан Қадыров өз телеграм арнасында соғысқа аттанған 23 шешен әскерінен айрылып қалғанын жеткізді. Херсон облысында апта басында артиллериялық соққыдан 23 шешен сарбазы қаза тауып, 58 сарбаз жараланды. Бұл туралы «СМИ2» порталы хабарлайды. Қадыровтың айтуынша, шешендердің арнайы жасағы аптаның басынан бері артоатқылаудан зардап шеккен. Қазір құтқару операциялары аяқталды. Жан тәсілім еткендердің тізімі жасалып, ақпарат арналарында жарияланды.