Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес қызметінен кетті. Бұл туралы Sky News-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Телеарна мәліметінше, Уоллес орнын өткен айда-ақ босатпақ болған. Ол кезде министр қару-жараққа қатысты пікірі үшін Украина билігімен сөзге келіп қалған.