Украинаның бірқатар аймақтарына зымыран соққысы жасалып, салдарынан бірнеше аудан жарықсыз отыр. Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак зымыран шабуылдары азаматтық нысандарға бағытталғанын айтты. Оқиға орнынан келіп жатқан ақпаратқа қарағанда, Ресей әскері тағы да Украинаның энергетика нысандарын атқылап жатыр. Бірқатар қалада, оның ішінде Украина батысында шабуылдардан соң жарық сөнген, су және байланыс мәселелері де туындаған. Зардап