«Украина мен Ресей арасындағы соғыс барған сайын киелі соғысқа айналып барады. Бұл жай ғана территория мен тәуелсіздік үшін соғыс емес. Бұл – өркениеттер арасындағы соғыс», дейді физика-математика ғылымдарының кандидаты Эльдар Кнар. Украина өзі үшін ғана емес, ол еуропалық өркениет пен батыс құндылықтары үшін күресуде. «Украина еуропалық өркениеттің қорғаушысы» деген идеяны Зеленский соғыс басталғалы қайталап келеді.