Банк есебіне сүйенсек, Ресейдің білікті жұмыс күші мен капиталдың келуі, сондай-ақ бірқатар компаниялардың көшуі Орта Азия елдерінің, оның ішінде Қазақстанның экономикасына оң әсерін етеді. Мамандар тіпті биылдың өзінде бұл көрсеткіш 5,2 пайызды құрайтынын болжап отыр. Сарапшылардың дерегінше, еліміздің экономикалық өсіміне мемлекеттік басқарудың жақсаруы, экспорттың өсуі және Қытай шекарасының сауда-саттық үшін ашылуы да оң ықпал етпек.