Қазнетте Скриптониттің Украинаның қайырымдылық қорына 20 мың доллар аударғаны, Грузиядағы қазақ қызының өліміне қатысты үкімнің шыққаны және «5:32» сериалының төңірегіндегі жанжал жиі талқыланды… 2 тамызға қараған түні Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан «жасанды мемлекет» деген посты шықты. Оған қоса, «Солтүстік және Оңтүстік Осетия, Абхазия және Грузияның қазіргі