Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы елімізге сапарлайды. Бұл туралы ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлімдеді. ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Сапар кезінде елдің жоғары саяси және әскери басшылығымен кездесу жоспарланған, делінген хабарламада.