Қазақтың байтақ даласының қай бұрышына барсаңыз да алдыңыздан алты алаштың арман-мұратын бауырына түйіп алған, тарқата түссең тарих болып сөйлеп, Ұлы Даланың бағзы шежіресінің тұнбасындай болып тұрған тұғырлы тауға ат басын тірейсіз. Аспан-көкке қол созған Алатау, күн астындағы күмбездей болып көрін