Америкалық миллиардер Илон Маск дүйсенбіде әлемнің желілік ақпараттық кеңістігін шулатып қойды. Басында кәсіпкер Мәскеу мен Киев арасында бейбіт келісімге келу туралы бастама көтеріп, төрт тармақтан тұратын жоспар ұсынды. Миллиардердің ұсыныстарына Украинаға тарихты мойындап, Қырымды Ресейдің жері ретінде тануы; Ресейге қосылған аумақтарда БҰҰ-ның қатысуымен қайта референдум өткізу; Киевтің Қырымға су жеткізуі және Украина мемлекетінің бейтарап мәртебесін