Көшеде ирелеңдеп, «Пәлекеттерден қаш, бүгін де қарным аш!» деп келе жатқанмын. Қазақстанның құрметті қайыршысымын ғой. Шенеуніктерге тіке айтатын шатағым бар, осындай халық берген атағым бар. Бір қарасам, көше жиегіне халық көп жиналыпты. Ылғи семіздер, бай-бағыландар! Әлі де көп, ағылғандар. Бұлар өзі, неғылғандар? Осылай о–ойланып тұрғанымда, «қалалық әкімшіліктің қызметкерлеріміз» деген екі жігіт мені дырылдатып, өкпемді сырылдатып, […]