Эксперттер есебінше, 2022 жыл қорытындысы бойынша инфляция алдыңғы болжамнан асып түседі. Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,0 п.п. проценттік дәлізімен жылдық 14,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Соған сай, өтімділікті ұсыну бойынша үздіксіз қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 15,5%, ал өтімділікті алу бойынша үздіксіз қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 13,5% болады.