Ұлттық банк пен ҰБ Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы (ТҚТДО) Цифрлық теңге жобасына инвестиция салуға жарнамалайтын сайттардың пайда болғанын ескертеді, деп хабарлады Halyq Uni. Жоба адамнан инвестиция құюды талап етпейді. Ол төлемдер мен ақша аударымдары саласында Қазақстанның ұлттық валютасы үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуды көздейді. Қазір цифрлық теңге әзірлеу және сынақтан өткізу кезеңінен өтіп жатыр.