Ұлттық банк халықаралық аударымдармен байланысты алаяқтық әрекеттердің көбейгенін ескертіп, Қазақстан азаматтарын сақ болуға шақырады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. Жеке және заңды тұлғалар Ұлттық банкке шетел валютасымен ақша алуға жәрдем көрсетуді сұрап, өтінішпен жүгініп жатады. Әдетте мұндай өтініштерге жалған төлем құжаттары (оның ішінде SWIFT форматында) және есепте жоқ шоттар мен ақша аударымдарын растайтын шарттар қоса