Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қызметінен босатылып, орнына Ғани Бейсембаев тағайындалды. Айта кету керек, Асхат Аймағамбетов аталмыш министрлікті 4 жылға жуық басқарып, білім саласындағы қиын кезеңдерді еңсерді, жүйені реттеді. Әлеуметтік желідегі жазбаларға сүйенсек, жұрт бұл жаңалықты өкінішпен қабылдады. Экс-министрмен істес болған, жұмысын бақылаған, қол астында еңбек еткен педагогтер мен қызметкерлер