Кездесу барысында тұрғындар жолдарды қалпына келтіру, көшелерді жарықтандыру, халықты баспанамен қамту мәселелерін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Олардың айтуынша, ескі және апатты жағдайдағы, сондай-ақ өртеніп кеткен үйлердің орнына жаңа баспана салуға қаржы бөлу керек.