Әлібек Қуантыров Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жас қазақстандықтармен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Министр студенттердің сұрақтарына жауап берді және отандық, венгриялық компанияларда өндірістік практикадан өту мүмкіндіктері талқыланды.