Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. Енді мемлекет оның жарғылық капиталына 100% қатыса алады. Тиісті қаулыға үкімет қол қойды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым академияның мәртебесін осылай өзгертуді қолдаған.