Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Президентке «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалаудың екінші кезеңінің жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндалды. Бұл кезеңде негізінен портфельдік компаниялардың тиімділігін арттыруға, олардың шығындарын оңтайландыра отырып, нарықтағы құнын ұлғайтуға баса мән беріліп отыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру да аса маңызды. Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына Қордың стратегиялық активтердегі бақылаушылық үлесін […]