Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың бір бөлігі мақсатсыз жұмсалғаны анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованың айтуынша, Ұлттық қордың тұжырымдамасында жоқ бағыттарға 230 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл туралы ол Президенттің қабылдауынан кейін берген сұхбатында мәлім етті. «Мен бүгін Мемлекет басшысына Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттерге жүргізілген аудиттің …