Әлемдік БАҚ не туралы жазды. ФРЖ мөлшерлемені тағы көтермек ниетте Федералды резервтік жүйе шенеуніктері таяп келе жатқан құлдырау жағдайында базалық мөлшерлемені экономика баяулайтын деңгейге дейін көтеру керек деген қорытындыға келді деп жазады The Wall Street Journal. Нәтижесінде, маусымда шенеуніктер мөлшерлемені бірден 0,75 пайыздық тармаққа көтеруге дауыс берді, бұл 1994 жылдан бергі ең үлкен өсім болды.