Фото: pixabay Ұлытау облысының Қаражал қаласына қарасты Жәйрем кентінде бес қабатты қонақүйде өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты. Өрт қонақүйдің шатыры мен ішкі жиһаздарын шарпыған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті. Құтқарушылар келген кезде ғимараттың шатыры мен жиһаздары ашық жалынмен жанып жатқан. Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді....
Жаңалықтар