Ұлытау облысының әкімі Қазақстанның бірден бірнеше өңірінің атын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Осындай күтпеген ұсыныспен Берік Әбдіғалиұлы ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа облыстар құру туралы шешімін дұрыс деп санайтынын мәлімдеді. Қазақтың қасиетті жерлері мен ұлы тұлғаның құрметіне олардың атауы да солай өзгеруі тиіс. Сондықтан Ұлытау басшысы бұл үрдісті жалғастыруға шақырды