Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды. «Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген жарлықта. Берік Әбдіғалиұлының соңғы қызметі – мәжіліс депутаты. Ол 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген. 1988 жылы Тараз қаласындағы №45 гимназияны …