Мемлекет басшысы Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдады. Әкім Ұлытау облысының даму перспективасын баяндады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Облыс әкімі Президенттің Ұлытау облысына жасаған сапары қорытындысы негізінде әзірленген аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары жобасын ұсынды. Ұлытау өңірінің экономикасын әртараптандыруға бағытталған маңызды құжатта 240-тан астам іс-шара бар. Олар әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды дамытуды