Қазақстан үкіметі Қарағанды облысының шекарасын өзгерту және Ұлытау облысының шекарасын белгілеу туралы қаулы қабылдады. Үкімет Ұлытау облысының құрамына Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалалары, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жалпы ауданы 18 миллион 893 мың 661 гектар болатын жерін беріп, Қарағанды облысының шекарасын өзгертуге қаулы етті. Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.