Ұлытауда марганецті заңсыз өндіріп, шетелге шығарғандар анықталды. Сатылған шикізаттың жалпы құны 950 млн теңгеден асады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz. ҚМА-ның Ұлытау облысы бойынша департаменті Қаражал қаласындағы «Восточный» карьерінде жүргізілген заңсыз кен өндіру жұмысын тоқтатқан. Агенттік мәліметінше, күдіктілер заңсыз кен өндіру үшін ауыр карьер техникасын – экскаваторлар, тиегіштер мен самосвалдарды пайдаланған. …