Ұлытау облыстық полиция қызметкерлері ұйымдасқан алаяқтар тобының қызметін тоқтатты. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Осы факті бойынша Сәтбаев қаласының ПБ ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.