Бүгін түнгі сағат 1-дің шамасында Ахмадабадтағы Сархей-Гандинагар тасжолында болған екі көлік апатынан 9 адам мерт болып, 13 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Deccan Herald басылымына сілтеме жасап. Полицияның хабарлауынша, бұл жолда көлік апаты жиі болып тұрады.