Лейк-Плэсидте өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан құрамасы үшінші алтын медальге ие болды. Бұл туралы Sport.kz хабарлады. Универсидада биатлоншылар 10 шақырымға спринт жасады. Қазақстан атынан Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Вадим Құралес және Бекентай Тұрлыбеков қатысты. Алтын медальді қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков жеңіп алды. Күміс жүлдегер американдық Бьорн Вестервельт болды. Қазақстандық спортшы Александр Мухин қола медаль иегері атанды.