Алматының екі тұрғыны бұл әрекеттерін арнайы гараждарда жасап келген. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көлік құралын қасақана жалған сәйкестендіру нөмірімен сату дерегі бойынша полиция қызметкерлері Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады. ҚР ҚК-нің 386-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 1984 жылы туған С.есімді азамат және 2001 жылғы К.есімді азамат ұсталды. Күдіктілер жұмыс істеген