Қызылорда облысында 1 924 пәтерлік 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы салынып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Биыл өңір тұрғындарына 1430 пәтер табысталады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті V сессиясында мәлімдеп отыр.