Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Сондай-ақ ҚР Президентінің Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы да Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша Шымкент қаласының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.