Шамамен 60 жастағы әйел жолаушы British Airways әуе компаниясының Гонконг – Лондон бағытындағы рейсінің алғашқы сағатында көз жұмған. Алайда экипаж ұшуды тоқтатпай, рейсті жалғастыру туралы шешім қабылдаған. Соның салдарынан марқұмның денесі 13 сағаттан астам уақыт бойы ұшақтағы жылытылатын бөліктердің бірінде жатқан, деп хабарлайды newsroom.kz