Алматыда дамыту орталығына барған бала көз жұмды. Қайғылы оқиға жекеменшік мекемеде болған. Алматы қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растады. ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, абайсызда кәмелетке толмаған баланың өлімі» дерегі бойынша тіркелді. Қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалған, деп хабарлады қалалық ПД ресми өкілі