Үйін дуадан тазартпақ болған шымкенттік 4,5 миллион теңгесінен айырылып қалды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Үйін дуадан тазартпақ болған екі жергілікті азаматша алаяқтардың құрбаны болған. Екі жағдайда да алаяқ қайыр сұрап үйлеріне барған. Есікті ашқан бойда әйел тылсым күштер бұл үйде дуа барын сыбырлап жатқанын және оны тез арада тазартпаса қайғы-қасірет болатынын айтып қорқытқан. …