Украина соты Қазақстанның 23 жастағы азаматы Шыңғыс Сейпиевті әскерге жалдану қылмысына қатысты іс бойынша тоғыз жылға соттады. Бұл туралы «Грати» украин басылымы сот үкіміне сүйене отырып хабарлады. Іс материалдарына сәйкес, 2022 жылғы қазанда Сейпиевті «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы Украинаға қарсы соғысуға көндірген. 18 қарашада оны ұшақпен Түменнен Ростов облысына жеткізген. Сол жерде ол келісім-шартқа қол