Украинада арнайы әскери операция басталғалы әнші Валерий Меладзенің басына қара бұлт үйірілді. Екі ел арасындағы жанжалға қарсы шыққан әншіге қазір Ресей сахнасы жабық, сондықтан әнші шетел сахналарын талғажаулауға мәжбүр. Осылайша, Дубайда өткен жаңажылдық концертте әншінің басы тағы дауға қалды. Жаңа жыл қарсаңында әнші Дубайда өнер көрсетіп жүрген кезінде сахнаға бір жігіт жақындап, «Слава, Украине!» дейді,