Қазақстандық команданың Верный шыңын (5250 метр) бағындырғаны туралы фильмнің премьералық көрсетілімі өтті. Жалпы, альпинистер аталған шыңды 2022 жылдың жазында бағындырған. Ал жақында осы ерліктері туралы деректі фильм жарыққа шықты. Қазақстандық альпинистер командасы өте қиын бағдармен жүріп өтті: тау шыңы Орталық Тянь-Шаньда, Қызыл Әскер шыңы (5842 метр) аумағында, Батыс Кокшаал-Тоо жотасында орналасқан. Қырғызстан мен Қытай